×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Еурокомиссияның санкциялық тауарға қатысты тергеуі: қазақстандық кәсіпкерлерге ескерту жасалды

29.08.2023, 14:46
Коллаж: Ulysmedia.kz

Еуропалық комиссияның Қазақстан мен Турциядан Ресейден шығуы мүмкін ағашты ЕО-ға  жеткізуге қатысты антидемпингтік тергеуінің басталуына орай ҚР Сауда және интеграция министрлігі осы өнімді Еуропалық Одақ елдеріне экспорттаушы қазақстандық өндірушілер мен мүдделі тұлғаларға жүгінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Демпингке қарсы немесе арнайы қорғау шараларын мемлекеттер өздерінің экономикалық мүдделерін үшінші елдер тарапынан демпингтік, субсидияланатын немесе үлесі асқан импорттан қорғау үшін қабылдайды. Атап айтқанда, бүгінде ЕО-да Ресей Федерациясынан шыққан қайың фанеріне(шере) қарсы демпингке қарсы шара Еуропалық комиссияның 2021 жылғы қаулысымен белгіленді. Содан кейін Еуропалық комиссия ресейлік қайың фанерін жеткізуге қатысты демпингке қарсы тергеу жүргізді, нәтижесінде өндірушіге байланысты 14,4% - дан 15,8% - ға дейін демпингке қарсы баж салығы енгізілді”, – делінген министрлік хабарламасында.

Ведомстводағылар Еуропалық комиссия 22 тамызда 2021 жылы енгізілген демпингке қарсы баждарды және 2022 жылы белгіленген ресейлік компанияларға қатысты санкцияларды айналып өту ықтималдығына қатысты тергеу бастағанын атап өтті.

“2023 жылғы 28 қыркүйекке дейін қазақстандық қайың фанера өндірушілері ынтымақтастықта болып, сұратылған ақпаратты Еуропалық комиссияға ұсынуы қажет. Деректерді ұсынбау және қазақстандық компаниялардың тергеуге қатысудан бас тартуы қазақстандық қайың фанерін жеткізуге қолданыстағы демпингке қарсы баждардың 15,8% деңгейінде көтерілуіне әкелуі мүмкін. Дәл осындай шара, егер Еуропалық комиссия ресейлік қайың фанеріне қолданыстағы демпингке қарсы шараны айналып өтуді растаған жағдайда, Қазақстан Республикасынан ЕО-ға импорттау кезінде қазақстандық өндірілген тауарларға қолданылатын болады”, – деп түсіндірді шенеуніктер.

Тергеу аясында шараларға қатыспайтындықтарын көрсететін экспорттаушы компаниялар ЕО-ға фанерді еш кедергісіз жеткізуді жалғастыра бермек.

Сауда және интеграция министрлігі өз тарапынан осы тергеу бойынша ынтымақтасуға дайын екендігі туралы Еуропалық комиссияға хабарлама жолдаған.

“Осы ретте, Министрлік қазақстандық қайың фанерін өндірушілер үшін тергеу рәсімдеріне қатысты семинарлар ұйымдастырып, қажетті консультациялар, өндірушілерге Еуропалық комиссиядан алынған барлық материалдарды ұсынады (тергеудің басталғаны туралы хабарлама, еуропалық өндірушілердің мәлімдемесі, экспорттаушыларға арналған сауалнамалар және т.б.).  2023 жылғы 29 тамызда Еуропалық Одақтың қорғау шаралары саласындағы сарапшылар мен заң кеңесшілерінің қатысуымен МТИ алаңында экспорттаушылар мен мүдделі тұлғаларға арналған алғашқы семинар өтеді”, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары