×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қазақстанда металдардың қоры азайған, маман қат: үкімет геология саласын қалай тірілтпек

29.08.2023, 15:25
фото: ашық дереккөзден

Үкімет отырысында еліміздің геология саласындағы проблемалар аталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Премьер-министрдің сөзінше, қазір барлық кен орны тексеріліп жатыр. Өз міндеттемесін орындамайтын жер қойнауын пайдаланушы компаниялардан лицензия алынып, келісімшарт бұзылып жатыр.

«Металдардың жекелеген түрі бойынша әлемде жетекші орынға ие болғанмен, шикізат базасының айтарлықтай төмендегенін байқап отырмыз. Мысалы, хром, алюминий, мырыш, мыс, қорғасын қоры азайып келеді. Жоғары технологиялық өнімдер өндірісінің негізі болатын сирек жер металдарын барлау бәсеңдеген. Біз әлі күнге дейін бірінші өтінім принципі бойынша лицензия алған жаңа компаниялардың нақты жұмысын көрмедік», - деді Ә.Смайылов.

Оған қоса, жер қойнауын зерттеудің ғылыми базасы мен инфрақұрылымы барынша жаңартуды талап етеді.

Инвесторларды одан әрі тартуға қажетті геологиялық ақпаратты цифрландыру жұмыстары да аяқталған жоқ. Білікті геологтар мен геодезист мамандар тапшы.

«12 жылда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге 2 трлн теңгеден астам жеке инвестиция салынды. Бірақ соған қарамастан, біз жаңа кен орындарын барлауға жұмсалатын салымдар бойынша артта қалып отырмыз. Аталған проблемаларды шешу үшін қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер қабылданды», - дейді үкімет басшысы.

Индустрия министрлігіне ресурстық базаны ұлғайту, сирек кездесетін және сирек жер металдар негізінде жоғары технологиялық өнімдер өндірісін ұйымдастыру үшін жол картасын әзірлеуді тапсырылды. Энергетика министрлігіне «Самұрық-Қазына» қорымен бірге 2 айда заманауи технологиялық шешімдерді пайдаланып, газды кен орындарының тарихи деректеріне талдау жүргізу жүктелді.

 

Серіктес жаңалықтары