×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Экс-вице-министр Пірімқұловқа кесілген "әділетсіз үкімге" қарсы петиция жарияланды

29.08.2023, 15:56
Экс-вице-министр Пірімқұловқа кесілген "әділетсіз үкімге" қарсы петиция жарияланды
Коллаж: Ulysmedia.kz

Желіде Қазақстан азаматтарының Ахметжанов Пірімқұловқа шығарылған әділетсіз үкімге қарсы петициясы жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 3 шілдеде Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "Оператор РОП" ЖШС басшылары мен бұрынғы экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұловқа бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау ісі бойынша үкім шығарған. Пірімқұлов мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 7 жылға сотталды.

Петицияда бұрынғы вице-министрдің қорғаушылары "президенттің атына, президент әкімшілігіне, Бас прокуратураға, Антикорға, тергеу соттарына және Астананың барлық соттарына ондаған хат жолдағаны" айтылған.

"Алайда, олардың ешбірі еленген жоқ, өйткені өтініштердің барлығын мемлекеттік органдар бір-біріне сілтейді", - делінген үндеуде.

22 шілдеде Пірімқұлов өзінің қорғаушылары арқылы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдаған.

"Пірімқұловқа ақша жымқыруға көмектесті деген айып тағылды және сот үкімінің бойынша "Recycling Company" және" Auto Recycling" ЖШС зауыттары тәркіленді, тергеушілердің пікірінше олар, заңсыз жолмен алынған ақшаға салынған", – деп жазады петиция авторлары.

Зауыттар 2016-2017 жылдары салынды, ал Пірімқұлов 2019 жылдың тамызында экология вице-министрі болды.

"Экология министрлігі 2019 жылы ғана құрылды, 2016-2017 жылдары ол білім министрлігінде жұмыс істеді. Адамды экология министрлігінде жұмыс істемеген кезең үшін соттауы – абсурд. Пірімқұлов басқа адамдар қол қойған құжаттар үшін сотталып отыр. Сот үкімде оның заңсыз сотталғанын да жасырмайды. Кабельге кәдеге жарату алымын алу туралы Пірімқұлов қол қойған бұйрықтарға 23 күннен кейін министр Мырзағалиев, министрдің міндетін атқарушы Қожаниязов қайта қол қойған. Бірақ, "заң алдында бәрі бірдей емес". Пірімқұлов шын кінәлілерді жауапкершіліктен қорғау үшін жазаланды", - делінген петицияда.

Өтініш авторларының деректері бойынша үкімде “Басқа адам 1” деп айдар тағылған, 28 млрд теңге ұрлады деп айыпталған құрылтайшы жөнінде айтылған.

"Басқа адам деп Әлия Назарбаеваны жасырырып отыр. Егер бүкіл құқық қорғау жүйесінде оның атын атауға батылдық болмаса, қандай әділеттілік туралы айтуға болады? Бүкіл ел РОП үшін жауапкершілік пен РОП шоттарындағы миллиардтар оған тиесілі екенін біледі, бірақ РОП енгізілгеннен кейін 3,5 жылдан кейін қызметке келген вице-министрді соттайды. Пірімқұлов айыпталды, өйткені Қазақстан халқына есеп берілуі керек еді, қоғамға утильалымныңмәселесінде "құрбандық" қажет болды, бірақ жоғары лауазымды адамдар үшін жазықсыз адамның тағдырын құрдымға жіберуге болмайды. Бұл петиция президенттің назар аударуына тұрарлық және ол қаралуы керек. Апелляциялық сатыда Пірімқұловқа қатысты істі объективті қайта қарауды және барлық дәлелдерді ескере отырып, жалғыз дұрыс шешім – ақтау үкімін сұраймыз", – делінген петицияда.

Айта кетейік, Пірімқұлов 2019 жылдың шілдесінен 2022 жылдың қаңтарына дейін экология вице-министрі қызметін атқарды. 

Үкім заңды күшіне енгенге дейін сотталғандар әлі де өздерінің кінәсіздігін дәлелдеуге тырысып жатыр. Бұған дейін "Оператор РОП" компаниясының бұрынғы директоры Медет Құмарғалиев осы атышулы іс бойынша Ulysmedia.kz сұрақтарға жауап берген болатын.