×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Көкшетауда 50-ге жуық сарбаздың ауруханаға түсуі: қызметтік тексеріс басталды

29.08.2023, 17:37
kokshetau.asia

 Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімше сарбаздарының жаппай ауруханаға түсуіне байланысты қызметтік тексеріс басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Орталық» өңірлік қолбасшылығының мәліметінше, қазіргі кезде аталмыш әскери бөлімшеде қалған әскери қызметшілердің арасында емдеу-алдын алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қызметкерлердің жағдайына қатысты жаңа шағымдар түскен жоқ.

«Осы дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізілуде», - деп атап өтті ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімшенің 50-жуық әскери қызметшісі ауруханаға түскені хабарланған. Бес сарбазда менингококк инфекциясы, төртеуінде энтеровирус инфекциясы (ішек ауруы) анықталды.

Серіктес жаңалықтары