×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Жазда жөндеуі басталған мектептердің 25%-ында жұмыс әлі бітпеген

01.09.2023, 15:52
көрнекі фото

Жазда жөндеу жұмыстары басталған 260 мектептің 66-сында әлі жұмыс аяқталмаған. Бұл туралы оқу-ағарту министрі мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ғани Бейсембаевтың сөзінше, небары 194 мектепте жөндеу жұмыстары толық біткен.

"Қазір білім басқармаларымен, әкімдіктермен байланыстамын.  Жөндеу жұмыстарын қыркүйектің ортасында, қазанның ортасында аяқтайтындар бар. Ең бастысы, жөндеу жұмысы болып жатқан кезде басқа мектепке ауыстырылған балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді", –деді ведомство басшысы.

Министр кей мектепті жөндеу үшін әлі де біршама уақыт қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматы облысында жөндеуі бітпеген 11 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын еместігі хабарланған.

Серіктес жаңалықтары