Шымкентте Мұрат Әйтенов қала әкімі қызметінен кетеді деп күтілуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бүгін, 5 қыркүйекте сағат 15:00-де Шымкент мәслихаты депутаттарының жиналысы өтеді.
Күн тәртібінде – қала әкімінің тағайындалуына келісім беру мәселесі.
Бұдан бұрын Ulysmedia.kz Әйтеновті әйгілеген оқиғаларға шолу жасаған. Мегаполисті басқарған 3,5 жыл ішінде шымкенттіктер оның отставкаға кетуін бірнеше мәрте талап етіп, оның мегаполисті күйреткенін алға тартқан болатын.
Әйтенов Қазақстандағы ең жас әкімдердің бірі бола тұра, "ескі гвардия" шенеуніктерінің тізіміне енді.
Оның билік баспалдағымен жоғары көтерілуі Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында басталды – біраз жылдық ғұмырын Мұрат Әйтенов ҚР Президентінің іс басқармасына арнады (2006-2019). Осы жылдар ішінде ол шаруашылық меңгерушісінен мемлекет басшысының іс басқарушысының орынбасарына дейін көтерілді. Білетін адамдардың сөзінше, Әйтенов "президенттің аспазы" деген атаққа ие болған.