×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

АҚШ алғаш рет Украинаға ресейлік олигархтардан тәркіленген активтерді береді

07.09.2023, 11:57
oilexp.ru

АҚШ Украинаға санкцияға ілінген ресейлік бай-бағландардың тәркіленген активтерін береді. Бұл туралы Киевте өткен баспасөз мәслихатында АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Біз Украинаға алғаш рет санкцияланған ресейлік олигархтардан тәркіленген активтерді береміз, олар енді Украинаның әскери ардагерлерін қолдау үшін пайдаланылады", - деді Блинкен.

Ол "Путиннің агрессивті соғысына үлес қосқандар бұл үшін төлеуі керегін" айтты.

Украин астығын экспорттау мәселесі туралы сөз болғанда Блинкен АҚШ Ресейге "Қара теңіз астық бастамасына" оралу үшін халықаралық қысым көрсетіп жатқанын, сонымен бірге Құрама Штаттар Украинамен астықты басқа елдерге жеткізу үшін балама маршруттарды табу және пайдалану үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Мемлекеттік хатшы АҚШ-тың Украина алдында оңай жол тұр деген "иллюзиясы жоқ" екенін айтты, бірақ АҚШ-тың қолдауы өзгермейтіндігіне сендірді.

Айта кетейік, бұдан бұрын Украинаға соғыс басталғалы 100 млрд доллардың әскери көмегі көрсетілгені хабарланған.

Украинаға халықаралық әріптестері ұсынған көмектің жартысынан астамын, шамамен 60 миллиард долларын АҚШ берген.

Батыс елдері Украинаға әскери көмек беруді жалғастыруға ниетті. Киев олардан қарудың жаңа түрлерін, соның ішінде ұшақтар мен орта қашықтыққа арналған зымырандар сұрап отыр. Алайда сарапшылардың кейбірі Киев биыл жаздағы қарымта шабуылда айтарлықтай нәтиже шығармаса, әскери көмек азаюы мүмкін екенін ескерткен.

Серіктес жаңалықтары