×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Атырау шенеуніктері балаларын Amanat-тың қызметтік көлігімен тасып жүр

08.09.2023, 08:09
Атырау шенеуніктері балаларын Amanat-тың қызметтік көлігімен тасып жүр

Атырауда шенеуніктердің балаларын Amanat партиясының Атырау облыстық филиалының қызметтік автокөлігімен тасымалдаған, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Оқиға  жақында әлеуметтік желілерде белгілі болды.

"Атырау облысы әкімдігінің шенеуніктері мемлекеттік қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдаланатынының бұлтартпас дәлелі", - делінген жарияланым сипаттамасында.

Партияның баспасөз қызметі 066 AS 06 мемлекеттік нөмірі бар автокөлік шынында да Amanat партиясының Атырау облыстық филиалының қызметтік автокөлігі екенін растады. Осы факті бойынша тексеру жүргізіледі.

Айта кетейік, бұдан бұрын дәл осы партиядағы депутаттың Риддер ЖЭО-ға иелік ететіні хабарланған.