×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

"Жақында үйде боламыз": Головкин футболдан ұлттық құраманы қолдау үшін Астанаға келеді

08.09.2023, 09:31
әлеуметтік желіден

Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Геннадий Головкин футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан - Солтүстік Ирландия матчында ел құрамасына жанкүйер болу үшін Астанаға келе жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Жақында үйде боламыз. Ұлттық құрамамызды қолдау үшін 10 қыркүйекте футболда кездесеміз», - деп жазды Г.Головкин Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамаларының ойыны 10 қыркүйек күні елордадағы «Астана-Арена» стадионында өтеді. Басталуы – сағат 19.00-де.

Кеше «Астана-Аренада» Қазақстан Финляндиямен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Серіктес жаңалықтары