×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Полиция Бақытжан Базарбектің баласының арбасын өртегендерді іздеуге кірісті

08.09.2023, 15:01
Коллаж: Ulysmedia.kz

Алматы қалалық полиция департаменті депутат Бақытжан Базарбектің отбасына қатысты оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазір депутаттың Алматыдағы пәтерінің алдында балалар арбасын өртеуге қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүріп жатқаны хабарланды.

"Медеу ауданының ПБ жедел-тергеу тобының шығуы жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта оқиға орнын тексеру жүргізілуде. Бұл факт тіркелді", - деп хабарлады полиция.

Еске салайық, бұдан бұрын депутат өз отбасына белгісіз біреулер қоқан-лоққыға ұқсайтын әрекеттер жасай бастағанын мәлімдеген.

«Менің отбасыма белгісіз біреулерден қоқан-лоққыға ұқсайтын әрекеттер басталды. Кішкентай балапанымның коляскасын квартирамыздың есігі алдында жағып жіберген. Осылай, Ескі Қазақстанның өкілдері өзінің бар-жоғын ескертіп, білдіртіп отырғандай сезінесің!» - деп жазды ол. 

Бақытжан Базарбек Мәжілісте жер мәселесін жиі көтереді. Екі күн бұрын ғана бір топ сенатордың «жер кодексіне күмәнді және аса қауіпті түзетуді ұсынып» отырғанын, сенаторлар қорғалатын табиғи аумақтардың бір бөлігін ауылды елді мекендердің құрамына ауыстыру мүмкіндігін беруге тырысып жатқанын мәлім еткен еді.

Серіктес жаңалықтары