×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Кейбір азаматтардың ақылға қонымсыз әрекеті қалаға зиянын тигізеді - Қасымбек

09.09.2023, 11:25
Ашық дереккөз

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек кейбір азаматтардың ақылға қонымсыз әрекеті қала мүлкіне зиянын тигізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қаламызды жақсарту үшін тұрғындармен күн сайын бірлесе жұмыс істейміз. Абаттандырып, қолайлы ете түсеміз. Дегенмен, өкінішке қарай, вандализм мен мәдениетке сай келмейтін әрекеттер бар. Кейбір азаматтардың ақылға қонымсыз әрекетінен жалпықалалық мүлікке зиян келеді: аялдамаларды, орындықтарды, аулаларды бүлдіреді, қоқыс жәшіктерін төңкеріп тастайды және т.б.
Осылайша қаланың өзге де тұрғындары мен қонақтарына сөз тиеді”, –  деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Оның пайымынша, вандализм – бұл жеке мәдениет пен тәрбиенің деңгейі. Әрі бұл сыннан кез келген адам өте бермейді.

“Қалада қандай жұмысты қолға алсақ та, адамдарға ыңғайлы болу үшін орындаймыз. Жалпыға ортақ қала мүлкін бүлдіру арқылы құқық бұзушылар елорданың өзге тұрғындары мен қонақтарына қолайсыздық тудырады. Дәл осы көшеде олардың жақындары мен туыстары жүреді”, – дейді әкім.

Осы жылдың 8 айында ғана елордада қоғамдық тәртіпті бұзудың 10 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Полиция қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары күн сайын қаланы күзетіп, тәртіп бұзушыларды анықтайды.

Серіктес жаңалықтары