×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Түркістандағы 5 жасар қыздың өлімі: әкесі педофилдің үйін бұзуды сұрады

09.09.2023, 12:26
Ашық дереккөз

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында қайтыс болған 5 жасар қыздың әкесі сотталған педофил мен кісі өлтірушіге тиесілі үйді бұзуды талап етті. Оның айтуынша, бұл үй маскүнемдер мен қаңғыбастардың бас қосатын орнына айналған және дәл осындай қайғылы оқиға қайталануы мүмкін деп қауіптенеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әкесі үкіметке бұл үйді толығымен қиратып, оның орнына қоғамға пайда әкелетін ғимарат тұрғызу үшін аумақты босатуды сұрайды. Оның айтуынша, үйдің жағдайы мүшкіл, бұдан былай онда тұру мүмкін емес.

7 қыркүйекте Шымкенттегі тергеу изоляторында 48 жастағы педофил кісі өлтіруші Сайдолим Ғайбназаровқа қатысты үкім шықты.

Ер адам өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды. Сондай-ақ оған химиялық кастрация және маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

Сонымен қатар сотталған қыздың туыстарына моральдық шығын ретінде 100 миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс.

Айта кетейік, сот процесі «процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және түрлі шектен шығудың жолын кесу үшін» Шымкенттегі тергеу изоляторының аумағында өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 13 шілде күні Түркістан облысында бұрын сотталған ер адам 5 жасар қызды зорлап өлтірген болатын. Қоғамдық наразылықтан кейін Жоғарғы сот мамыр айында педофилге жеңіл үкім шығарған Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселені қозғады.

Серіктес жаңалықтары