Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы жеке үйлердің бірінде екі бала көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бүгін, 11 қыркүйекте сағат 7.15-те аудан орталығындағы Н.Бекежанов көшесіндегі жер үйде 2017 және 2020 жылдары дүниеге келген балалар қаза болды.
«Алдын-ала болжам бойынша олар табиғи газдан уланған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамынан 1 қызметкер барды. Тұрғындардан газ пештері мен газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауын сұраймыз», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Айта кетейік, бұдан бұрын Ақтөбе облысында ауыл тұрғындары газға уланып ауруханаға түскен.