×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Газдан улануы мүмкін: Қызылорда облысында екі бүлдіршін қаза тапты

11.09.2023, 12:12
фото: ашық дереккөзден

Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы жеке үйлердің бірінде екі бала көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін, 11 қыркүйекте сағат 7.15-те аудан орталығындағы Н.Бекежанов көшесіндегі жер үйде 2017 және 2020 жылдары дүниеге келген балалар қаза болды.

«Алдын-ала болжам бойынша олар табиғи газдан уланған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамынан 1 қызметкер барды. Тұрғындардан газ пештері мен газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауын сұраймыз», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ақтөбе облысында ауыл тұрғындары газға уланып ауруханаға түскен.

Серіктес жаңалықтары