×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Қазақстанда ең төменгі айлық 300 мың теңге болуы керек – Ринат Зайытов

11.09.2023, 15:50
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжілісте бүгін 2024-2026 жылдарға жоспарланған бюджет жобасы талқыланып жатыр. Отырыста сөз сөйлеген депутат Ринат Зайытов бір отбасының шығынын есептеп, Қаржы министрлігінің алдында мәселе көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кулуарға шыққаннан кейін Ринат Зайытовтан «сонда ең төменгі жалақыны қаншалықты көтеру керек деп ойлайсыз?» деп сұрағанбыз. Мәжілісмен «ең төменгі жалақыны 85 мың теңге етіп белгілеу – президенттің тапсырмасын орындамау үшін қасақана жасап отыр» деп есептейтінін айтады.

«Бізде президент әр жолдау сайын кедейлікпен күресу керек деді. Жаңағы менің келтірген мысалым – сіңірі шыққан кедей отбасы болып министрліктің санағында есептелмейді. Орташа табысы бар отбасы. Ал кедейлік шегінен төмен тұратын отбасылардың жағдайы не болды? Басқасы не болып жатыр?» - дейді ол.

Депутат өткен жолы осы мәселені Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың алдында да көтергенін айтады.

«Сол кезде министр маған «сіздің айтқаныңызбен келіспеймін» деді. Мен сол үшін арнайы есептеп келе, осындай нәтижені шығарып бердім. Есептесін министрлік! Ең төменгі айлық 300 мың теңге болуы керек. Ұлттық компаниялардың басшылары, орынбасарлары жылына қанша сыйақы алатынын білесіз бе? Жүздеген миллион», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары