×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

"Конституция бойынша міндетті емеспін": депутат Самат Нұртаза сұхбат беруден бас тартуы жайлы

13.09.2023, 13:35
фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза журналистерге ренжігенін және БАҚ-қа сұхбат беруден бас тартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz тілшісімен әңгімелесу барысында Нұртаза 10 мамырдағы оқиғадан кейін БАҚ өкілдерімен байланыспау туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Мәжілісменнің пікірінше, ол кезде журналистер оның сөздерін бұрмалап, айтпақ ойын өзгертіп жіберген.

"Мен сұхбат бермеуге тырысамын, өйткені олар мені түсінбеді. Сізбен ғана әңгімелесіп тұрмын. Менің білуімше, депутат Конституция бойынша сұхбат беруге міндетті емес. Ол жазбаша түрде жауап бере алады, бірақ сұхбат беруі міндеттелмеген. Мен әлеуметтік желілерде жазамын, сол жерден менің жауаптарымды алуға болады", - деді ол.

Мәжілісмен өзі үшін белгілі бір қорытынды жасағанын және "байсалды" болуға шешім қабылдағанын атап өтті.

Еске салайық, мамырда журналистердің сұрағына жауап беру кезінде депутат БАҚ өкілдерін қолтырауынға теңеген.

Серіктес жаңалықтары