×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

"Империализмге қарсы күресте біргеміз": Путин мен Ким Чен Ын қандай мәмілеге келді

13.09.2023, 16:31
РБК

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Біз Ресей басшысының шешімдерін үнемі қолдап келеміз. Империализмге қарсы күресте және егеменді мемлекет құру жолында әрқашан бірге боламыз деп үміттенемін", – деді КХДР басшысы.

Ал Путин Корей Халық Демократиялық Республикасын бірінші болып Ресей танығанын атап өтті. 

"Егеменді және тәуелсіз мемлекет – Корей Халық Демократиялық Республикасын бірінші болып таныған біздің ел болды", –  деп еске салды РФ басшысы.

Ресейлік БАҚ Путин мен Ким Чен Ынның 2019 жылдан бергі алғашқы кездесуі "Восточный" ғарыш айлағында өткенін хабарлады. Келіссөздер екі сағаттан астам уақытқа созылған.

Екі ел басшысы Корей түбегі мен Еуропадағы әскери-саяси жағдай туралы, сондай-ақ "стратегиялық және тактикалық өзара әрекеттесуді нығайту" туралы сөйлескен.

Кездесудің ғарыш айлағында ұйымдастырылуы Ким Чен Ынның ғарыштық технологияға үлкен қызығушылық танытуымен түсіндірілді. 

Ким Чен Ынның Ресейге сапары – 2011 жылы билікке келгеннен бергі 10-шы шетелдік сапары.

Серіктес жаңалықтары