×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Атырауда үлескерлердің 650 млн теңгесін қалтаға басқан құрылыс салушылар қамауға алынды

15.09.2023, 09:21
көрнекі фото: company.bi.group

Атырау облысында «Nazik group» ЖШС және «Андорра Констракшн» ЖШС құрылтайшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атырау облыстық прокуратурасының мәліметінше, аталған компания өкілдеріне тұрғын үйдің үлестік құрылысына 650 млн теңге салған 30-дан астам азаматтың қаражатын заңсыз иемденді деген күдік келтіріліп отыр.

Күдіктілердің әрекеттерінің нәтижесінде үлескерлер 2 жыл бойына баспананы алмаған.

Аталған серіктестіктердің құрылтайшылары соттың санкциясымен қамауға алынды.

«Өз кезегінде, облыс прокуратурасы «әрбір азамат қырағы болуы тиіс және объективті хабардар болу үшін жергілікті атқарушы органдардың құрылыс бөліміне немесе басқармасына жүгіну қажет» екенін атап өтті. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын ШҚО-да  үлескерлерді 606,5 млн теңгеге алдаған құрылыс компаниясының басшылары қамауға алынған.

Серіктес жаңалықтары