×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Шымкентте клиенттерге жалған еуро сатқан банк қызметкерлері сотталды

15.09.2023, 10:42
Шымкентте клиенттерге жалған еуро сатқан банк қызметкерлері сотталды
видеодан кадр

Шымкентте қаланың екі тұрғынына қатысты 4 мың еуро сомасында жалған ақша қаражатын (номиналы 500 еуро банкноталар) сату фактісі бойынша іс аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2021 жылы қала банктерінің бірінің қызметкерлері алдын-ала сөз байласу арқылы банк клиенттеріне жалпы сомасы 4 мың еуро жалған ақша купюраларын сатқан. Бұл факті бойынша тергеу жүргізілді, соның нәтижелері бойынша банктің 5 қызметкері кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

"Банк қызметкерлеріне жалған купюралар берген азамат халықаралық іздестіруге жарияланып, ағымдағы жылдың наурыз айында Швецияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды", – делінген хабарламада.

Маусым айында күдікті мен оның жұбайына қатысты іс сотқа жіберілді.

Сот үкімімен бұл адамдар кінәлі деп танылып, оларға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Бас прокуратура Швецияның Қазақстанға жалған банкноттарды ірі көлемде сатты деген күдікпен іздеуде жүрген азаматты экстрадициялағанын хабарлаған.