×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Ауыл мұғалімдері электронды журнал толтыру үшін дала кезіп жүр: министрлік не дейді

15.09.2023, 11:48
Ауыл мұғалімдері электронды журнал толтыру үшін дала кезіп жүр: министрлік не дейді
әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысында мұғалімдердің электронды журнал толтыру үшін интернет іздеп, дала кезіп жүргені бейнеленген сурет тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сурет Түркістан облысының Қазығұрт ауданына қарасты Аққұм ауылында түсірілген. Облыстық әкімдік мәліметінше, ауылда 432 адам тұрады. Ауыл тұрғындарына «Кселл» компаниясы ұялы байланыстың 2G және мобильді интернеттің 3G буыны бойынша қызмет көрсететіні хабарланды.

Желіде тараған суретке пікір білдірушілер еліміздегі ауылдардың көбінде интернетті пайдалану мұң екенін айтып, жұрт бейінді министрлік жұмысын сынға алды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі аталмыш жайтқа қатысты түсініктеме берді.

«Түркістан облысының әкімдігі байланыс операторымен бірге ауылдардағы интернет қызметтерін жақсарту және қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын әзірлеп жатыр. Аталған жол картасына Аққұм ауылы да кіреді. Осы жол картасы аясында байланыс сапасын жақсарту үшін антенна-діңгек құрылысын салу жоспарланған. Содан кейін байланыс операторы - «Кселл» АҚ базалық станса орнатады. Байланыс операторынан базалық станса орнатудың нақты датасына қатысты ақпарат күтіліп отыр. Бұған қоса, министрлік байланыс саласында «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын әзірледі. Аталған жоба аясында Аққұм ауылын қоса алғанда талшықты-оптикалық байланыс желісінің 3 мыңнан астам қызметімен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шара қарастырылған», - деп мәлімдеді ведомство.

Елімізде интернет сапасына қатысты сын көп. Шалғай ауылдарды айтпағанда Астананың өзінде интернет жылдамдығы көңіл көншітпейді дейді жергілікті тұрғындар. Ал шілдеде министр Мусин интернет жылдамдығы жағынан Астана Токионы басып озғанын мәлімдеген.

«Сіздер де Speedtest халықаралық рейтингіне сүйенсеңіздерші. Егер осы халықаралық рейтинг Астананың 35 позицияға көтерілгенін жазса, демек, біз 35 қаланы озып кеттік. Тіпті Токионы басып оздық. Сол рейтингті жасаған мен емес қой!?» - деген еді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол жуырда елорданың кейбір аудандарында интернет сапасының нашар болуы себебін түсіндірген.