×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Елімізде Ұлттық төлем корпорациясы құрылды

15.09.2023, 13:11
Елімізде Ұлттық төлем корпорациясы құрылды
Коллаж: Ulysmedia.kz

«Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК қайта құру жолымен Ұлттық төлем корпорациясы болып қайта құрылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық банктің ережесі мен құрылымына, сондай-ақ ҚҰБ еншілес ұйымдарының құрамына тиісті өзгерістер енгізілді. ҰТК құру ҚҰБ директорлар кеңесінің қаулысымен бекітілген.

“Ұлттық төлем корпорациясы нарықтың барлық қатысушысы үшін тең қолжетімділік қағидаты бойынша ұлттық төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз етеді. ҰТК ҚБЕО-ның заңды мұрагері болып табылады және төлем нарығына қатысушылар үшін сервистердің қолжетімділігін қамтамасыз етуді жалғастырады, оның ішінде банкаралық клиринг, банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу бойынша қызметтерді көрсетіп, қашықтан цифрлық сәйкестендіруді жүзеге асырады”, – деп мәлім етті Ұлттық банк.

ҰПК функциялары мен міндеттеріне цифрлық қаржылық инфрақұрылымды одан әрі дамыту да, оның ішінде «Цифрлық теңге», Open Banking жобаларын іске асыру арқылы кіретіні хабарланды.