Алматыда әйел мен оның кәмелетке толмаған балаларын өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 1982 жылғы Алматының тұрғыны анықталып, ұсталды.
"Аталған дерек аудандық полицияда ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы ("Екі немесе одан да көп адамды өлтіру") және 99-бабы 3-бөлігі ("Жас баланы өлтіру") бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.
Ұсталған адам аудандық полиция УҰИ-ға қамаққа алынды.
Еске салайық, 2023 жылғы 14 қыркүйекте сағат 23:24 шамасында Алматы облысы Іле ауданының полиция бөліміне Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінен К. есімді әйел мен оның екі кәмелетке толмаған баласының мәйіті табылғаны туралы ақпарат түскен. Күдікті қылмыстың іздерін жасыру мақсатында үйді өртеп жіберген.