×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

«Баламды көлік қаға ма деп қорқам»: LRT құрылысы мектепке баратын жолды қиындатқан

19.09.2023, 15:12
Фото: Ашық дереккөзден

Астанадағы №73 мектеп-лицейіне баратын жол балаларға қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналист Еркін Шәкірұлының жазуынша, оқушылар жүретін жол тар, маңайдың бәрі құрылыс. Мектептің алдында көлік қойып бала күтетін жер болған. «Оны ақшаға құныққандар сатып жіберіпті. Ол жерге үй түсіп жатыр. Сан Сити деген ТҮ салуда. Ана крандардан қорқасың. Дәл балалар футбол алаңының маңы да құрылыс», - дейді ол.

«Өте қауіпті жол. Арғы жақтың бәрі қоршалған. Көлік айналатын жерден балалардың келе жатқаны мүлде көрінбейді. Екіншіден, жол өте нашар. Арғы жағында жүк көліктері жолды езіп тастаған. Құрылыс компаниялары ұсақ тас шашқан. Бірақ соның өзінде не істеу керек. Бірдеңе етіп, бұл жолды жасау керек», - деп шағымданады ата-аналар.

Айта кетейік, LRT  жобасын жүзеге асыру 2011 жылы басталғанымен, жаңа тас жол ешқашан салынбаған. Тек баған-мұнаралар бой көтерді. Елордада әкімдер ауысқанымен, жоба үшін ешкім жауапкершілік алғысы келмеді. Соған қарамастан LRT үшін ақша бөліне берген еді. Алып құрылыстан ақшаның жымқырылуына қатысты іс қозғалып, бірнеше адам сотталып кеткен. Ал желі құрылысы биыл қайта жанданды.

Серіктес жаңалықтары