×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Таулы Қарабақтағы қақтығыс: қазақстандықтар Еуропа әуежайларында қамалып отыр

20.09.2023, 08:03
фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық туристер Таулы Қарабақтағы қақтығысқа байланысты үйлеріне жете алмай, Еуропа әуежайларында қаңтарылып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еуропаның негізгі әуе айлақтарындағы берекесіздік жайлы19 қыркүйек күні кешке белгілі болды. Танымал блогерлер әлеуметтік желілерде әуежайлардан түрлі видеолар мен фотосуреттер жариялай бастады. Сонымен қатар көптеген жолаушылардың ашық Шенген визалары болмағандықтан, олар еуроаймаққа кіре алмайды.

 – Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығысқа байланысты Еуропадан ұшақтар жарты жолдан кері қайтуға мәжбүр. Бұл елдердің үстінен ұшу жабық. Мен және басқа да жүздеген қазақстандықтар осы жолаушылардың қатарындамыз. Франкфурт әуежайында хаос басталды. Рейстер туралы әлі белгісіз, біз ЕО аймағына кіре алмаймыз, – деп шағымданды Полина Шиманская.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық Air Astana әуекомпаниясы Таулы Қарабақта басталған қақтығыстар ауданында ұшу маршруттарын өзгерткен болатын.

Серіктес жаңалықтары