×
449.88
486.64
4.83
#2023жылқорытынды #қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.88
486.64
4.83

Қазақстанда тіл мәселесін талап етіп, ресми петиция жазуға шектеу қойылды

21.09.2023, 12:13
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ақпарат және мәдениет вице-министрі Данияр Қадыров петициямен талап етуге болмайтын мәселелерді атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетейік, бүгін Сенат «Қоғамдық бақылау туралы» және оған ілеспе «кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды қарап, мақұлдаған. Бұл құжаттарда қоғамдық бақылау үлгілері, оның нәтижелері және қатысушылардың құқықтары мен міндеттері айқындалған.

Сенат кулуарына шыққан Ақпарат және мәдениет вице-министрі Данияр Қадыров петициямен талап етуге болмайтын мәселелерді атады. Оның айтуынша, бұл тақырыптарға Конституциялық құрылым, әкімшілік-аумақтық құрылым бар, шекара, тіл мәселесі, құқықтық-конституциялық сайлау, референдум, сот жүйесі, прокуратура, арнайы қызметтердердің қызметі, мемлекеттік құпиясы бар сұрақтар, президент пен парламент палаталары, үкімет құқығына кіретін лауазымдарды тағайындау және орындарынан алу мәселесі петиция арқылы қарастырылмайды

«Осы мәселелер Конституциялық заңмен, референдуммен, сайлаумен қарастырылады», - дейді Данияр Қадыров.

Журналистер тіл мәселесін неліктен қазақстандықтар петиция арқылы талап ете алмайтынын сұраған. Вице-министр мұны тіл мәселесі Конституцияда қамтылғанымен түсіндіреді.

Серіктес жаңалықтары