×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Назарбаев университеті пен мектептері бұдан былай қоғамдық бақылауда болады

21.09.2023, 11:31
Коллаж: Ulysmedia.kz

Сенат «Қоғамдық бақылау туралы» заңды екі оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау, қоғамдық бақылау объектілері мен субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін регламенттеу ескерілген.

Заңның мақсаты – Қазақстан Республикасы азаматтарының қоғамдық бақылау арқылы мемлекет істерін басқаруға қатысуын қамтамасыз ету.

Сенат мәліметіне қарағанда, мақұлданған заң аясында «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Заңға университетте, зияткерлік мектептерде қоғамдық бақылау «Қоғамдық бақылау туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылатыны туралы норма енгізілді.

Сонымен қатар заңда қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға қатысу шарттары айқындалған. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға он сегіз жасқа толмаған, соттылығы өтелмеген, наркологиялық немесе психикалық есепте тұрған адамдар жіберілмейді. Мұнымен қоса, қызметінде шетелдің қатысы бар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметі тоқтатылған немесе тыйым салынған коммерциялық емес ұйымдарға шектеу қойылады.

Дей тұрғанмен, бұл заң қазақстандықтардың петиция арқылы шенеуніктердің отставкасын талап ету құқығын шектейді.

Айта кетейік, жуырда Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты өз атымен аталатын мектептер, ЖОО және қордың жоғарғы кеңесі басшысы мәртебесінен айыратын заңға қол қойды.

 

Серіктес жаңалықтары