×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ақтау әкімінің орынбасары заңды белшеден басып, жеке кәсібін дөңгелеткен

22.09.2023, 11:24
фото: ашық дереккөзден

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары кәсіпкерлікпен айналысқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Шаймұрат Шәменов мәлім етті. 

Оның айтуынша, шенеунік қолданыстағы шектеулер туралы біле тұра, жеке кәсібін дөңгелеткен. Оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 154-бабының (Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен айналысуы) талаптарын бұзғаны үшін 483 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Осы заңбұзушылық үшін жеке тұлғаларға 200 айлық есептiк көрсеткiш (690 000 теңге) мөлшерiнде айыппұл қарастырылған. Ал құқықбұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер тәркiленуі тиіс.

Еске салайық, бұған дейін заңды күшіне енген сот шешімін орындамағаны үшін Ақтау қаласының экс-әкімі Ербол Ізбергеновке қомақты айыппұл салынған. Ол өз еркімен қызметінен кетті.

20 қыркүйекте қалаға жаңа әкім тағайындалды.

 

Серіктес жаңалықтары