×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Қазақстандықтар жақын күндері Сейшел аралдарына визасыз бара алады

23.09.2023, 13:21
https://tonkosti.ru/

Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу және Сейшел аралдарының Сыртқы істер және туризм министрі Сильвестр Радегонд осындай келісім жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СІМ мәліметінше, Мұрат Нұртілеу Қазақстанның Африка елдерімен ынтымақтастығының өсіп келе жатқан маңыздылығын атап өткен. Ол екіжақты негізде және көпжақты бірлестіктер шеңберінде өзара қызығушылық тудыратын салаларда қазақ-сейшел ынтымақтастығын дамытуға бірлескен күш-жігер жұмсауға дайын екенін растады. 

“Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер Қазақстан Республикасының үкіметі мен Сейшел Республикасының үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды. Ол әрбір жарты жылда 30 күнтізбелік күнге дейін кіру кезінде паспорттардың барлық түрлері үшін визалық талаптардың күшін жоюды көздейді”, – делінген ведомство мәлімдемесінде.

Аталған келісім күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы тараптардың соңғы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен кейін 30 күн өткен соң күшіне енеді.
 

Серіктес жаңалықтары