Петропавл қаласының Жұмысшылар ауылындағы екі қабатты алты үй қауіпті деп танылды. Бұл үйлер 1936 жылы салынған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы "Петропавловск news" сайтына сілтеме жасап.
Бұл үйлерде тұратын азаматтар қала әкімінен көмек сұраған. Үйлерін өздері жөндей алмайды.
2022 жылы жүргізілген сараптама бұл екі қабатты ағаш ғимараттарды қауіпті деп таныған. Дегенмен, қала әкімі Серік Мұхамедиев заң бойынша уақытша баспанаға ғана құқығы бар екенін, содан кейін ол үйлер бар болған жағдайда ғана берілетінін түсіндірді.
Мұхамедиев сондай-ақ инвестор-салушылар Жұмысшылар ауылын дамытуға мүдделі еместігін, сондықтан көпқабатты үйлер салып, тұрғындарды көшіру мүмкіндігінің жоқтығын мәлімдеді.