×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

"Бәрін өздеріңіз көресіздер": "Оператор РОП" экс-басшысы қазақстандықтарға жүгінді

27.09.2023, 08:02
Коллаж: Ulysmedia.kz

Жеті жылға сотталған "Оператор РОП" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Медет Құмарғалиев көпшілікке жүгінді. Ол сот озбырлығына байланысты жақын арада экология министрлігінің жауапты қызметкерлерінен жауап алудың елең еткізерлік мәліметтерін, сондай-ақ сот процесінің маңызды сәттерін жариялауға уәде берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол өз мәлімдемесінде жұбайының сот шешімін орындауға және сот шығындарын, сондай-ақ мүліктік залалды өтеуге ақшасы жоқ екенін атап өтті.

– Мен сотта компанияны құтқару және оны тартымды ету үшін не істегенімді егжей-тегжейлі айттым. Екі жыл ішінде бүкіл ел бойынша 24 шина зауыты іске қосылды, олар әр аймақта болды. Осының арқасында 2,5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны пайда болды, - деді Құмарғалиев.

Сонымен қатар ол қоғам жақын арада экология министрлігінің жауапты қызметкерлерінен жауап алу сәтін көретінін атап өтті.

- Олардың есте сақтау қабілеті күрт бұзылған сияқты. Сіздердің барлығыңыз сот озбырлығының маңызды сәттерін көріп, естисіздер деп үміттенемін", - деп қосты бұрынғы басшы.

Еске салайық, бұдан бұрын Медет Құмарғалиев порталымызға сұхбат берген.

Сұхбатта ол "Оператор РОП" компаниясы басшылығына қалай және не себепті келгенін, заңды құжаттарда Әлия Назарбаеваның есімі неге аталмағанын айтты. Сондай-ақ, Құмарғалиев сот барысында қандай деректерге назар аударылмағаны, алты қоқыс жағу зауытын салуға бөлінген ЖШС шотындағы 180 миллиард теңгенінің қайда кеткені жайлы егжей-тегжейлі түсіндірді.

Серіктес жаңалықтары