×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Украина алаяқтық үшін сотталған қазақстандықты ұстап берді

27.09.2023, 11:07
видеодан кадр

Украина Қазақстан сотының үкімін орындаудан жалтарған азаматты елімізге беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, сот аталған азаматты 2017 жылы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, шартты мерзімге соттады.  

“2019 жылы «М» азаматы соттың өзіне жүктеген шектеулерін бұзып, жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынып, іздеу жарияланды. Ағымдағы жылдың тамыз айында іздеуде жүрген адамды Украина аумағында осы елдің құқық қорғау органдары ұстады. Бүгін Қазақстан Республикасының Украинадағы, Молдовадағы және Түркиядағы Елшіліктерінің қолдауымен Қазақстан Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері  оны біздің елге экстрадициялады”, – делінген хабарламада. 

Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың айтуынша, қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Айта кетейік, бұдан бұрын 9 жыл іздеуде болған қазақстандық Түркиядан экстрадицияланған.

Серіктес жаңалықтары