×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Кіріс жеткілікті емес: бір жыл ішінде мемлекеттік бюджет шығындары 25% өскен

28.09.2023, 08:01
фото: ашық дереккөзден

2023 жылдың алғашқы жеті айында мемлекеттік бюджеттің кірісі 12,8 трлн теңгені құрады – бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,1%-ға артық. Сонымен қатар шығындар 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға артып, 14,5 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сарапшылар атап өткендей, шығыстар мен кірістер арасындағы айырмашылық 1,7 трлн теңгені, ал шығыстар мен кірістердің арақатынасы 113%-ды құрады. Салыстырып қарағанда, өткен жылы айырмашылық небәрі 144,4 млрд теңгені құраған.

Осы жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында бюджет шығыстарының басым бөлігі білім беруге жұмсалды – 3,2 трлн теңге (барлық мемлекеттік бюджет шығыстарының 22,2%-ы). Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға 3 трлн теңге бөлінді (барлық шығыстардың 20,9%-ы). Бұдан әрі денсаулық сақтау саласындағы шығыстар – 1,3 трлн теңге (мемлекеттік бюджеттің барлық шығыстарының 9,2%-ы). Қарыздарға қызмет көрсетуге 1,3 трлн теңге жұмсалды, жылдық өсім 37,8%-ды құрады.

Мемлекеттік кірістерге келетін болсақ, 78,5%-ы – салық түсімдерінің үлесі (10 трлн теңге). Салықтық емес түсімдер – 246,3 млрд теңге, негізгі капиталды сатудан түскен кіріс – 82,3 млрд теңге, ал трансферттерден түскен табыс 2,4 трлн теңгені құрады.

Айта кетейік, Қазақстан үкіметі 2024 жылға жалпы сомасы 23,9 трлн теңгеден астам шығыстарды жоспарлап отыр. Биылға жоспарланған шығындар бұдан едәуір азырақ – 22,5 трлн теңге.

Серіктес жаңалықтары