×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Павлодарда сотталған адамнан пара алған полицейге үкім шықты

28.09.2023, 11:14
tengrinews.kz

Павлодар қаласының №2 соты қызметтік бабын асыра пайдаланған полицейге қатысты іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкіліне ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша айып тағылған. Яғни, лауазымды тұлға бола тұра өзінің қызметтік бабын пайдаланып, алаяқтық, жолымен бөтеннің мүлкін жымқырған. 

Полицей сотталған ер адамның сенімін теріс пайдаланып, оны жаңылыстырып, сотта жазаны ауыстыру жөнінде қаралып отырған материал бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен алмастырмау мәселесін 100 мың теңгеге шешуге уәде берген.

Сот мәліметінше, айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Жәбірленуші сотталушыны бас бостандығынан айырмауды сұрады.

«Сот сотталушының кінәсінің толық мойындауын, жасаған әрекетіне өкінуін, жәбірленушіге келтірілген зиянды толық өтеуін, сондай-ақ асырауында жас баласы және жүкті әйелі бар екенін ескере отырып, жымқырылған мүліктің он еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 1 000 000 теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындады», – деді қалалық № 2 сотының хабарламасында.

Бұдан бөлек, сот полицейді мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан айырды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Таразда қаңтар оқиғасы кезіндегі "әрекетсіздігі" үшін 5 полицейге үкім шықты. Тараз полиция басқармасының бұрынғы бастығы Асылхан Зәуірбеков, Жамбыл облысы полиция департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Фахриддин Шанкаров және тыл басқармасы бастығы Ноян Қиымбеков төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот отырысында прокурор полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігі қалай көрініс тапқанын айтып берген.

Серіктес жаңалықтары