×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қарағандылықтарды жарықсыз қалдырған жылу орталығы кімге тиесілі

28.09.2023, 15:49
Коллаж: Ulysmedia.kz

Бүгін Қарағанды тұрғындарын жарықсыз қалдырған ЖЭО-3 олигарх Дінмұхамет Ыдырысовқа тиесілі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, ЖЭО-3 "Қазақстандық коммуналдық жүйелер" ЖШС құрамына кіретін "Қарағанды Энергоцентр" компаниясына тиесілі. "Қазақстандық коммуналдық жүйелердің" акционері – Дінмұхамет Ыдырысов.

Ыдырысов Forbes тізімінде тұр, оның байлығы 490 миллион долларға бағаланады.

"Дінмұхамет Ыдырысов Түркістан, Қарағанды, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында қызмет атқаратын "Қазақстандық коммуналдық жүйелер" ЖШС-ін бақылайды. Ұлымен бірге ол «Ordabasy Group» ЖШС-нің тең құрылтайшысы болып табылады, оның құрамына "Аквамәдениеттің тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісінің оқу-ғылыми кешені" ЖШС (бекіре тұқымдас балықтарды өсіру, қара уылдырық және тауарлық бекіре тұқымдас балықтарды өндіру кешені) кіреді. Бизнесмен - "Man Group" ЖШС арқылы "Белогорское" ЖШС (ШҚО-да никель кен орнын барлау) мажоритарлық иесі", - делінген бизнесмендер рейтингінде.

Сонымен қатар олигархтың "Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты" АҚ, "Kundybai Mining" АҚ, "Үшқұю" АҚ, "Триасмунайгаз" ЖШС және "Керегетас" тау-кен компаниясы" ЖШС-де үлестері бар.

Еске салайық, бүгін Қарағандыдағы ЖЭО-3-те ірі апат болып, тұрғындар жарықсыз қалды.

Серіктес жаңалықтары