×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Зимбабведе 71 жастағы туристі піл таптап кетті

15.10.2021, 19:32
Фото: ашық дереккөз

Зимбабведегі сафари саябағында 71 жастағы оңтүстік африкалық туристті піл таптап өлтірді. Бұл оқиға қарияның ұлының көз алдында болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

dailymail.co.uk-тің мәліметінше, піл 71 жастағы турист Майкл Бернард Уолш пен оның 71 жастағы ұлына шабуыл жасады. Уолш бұл саябаққа соңғы 35 жылында жыл сайын келетін. Ол оқиға болатын күні көлігін оқиға орнынан 40 метрлік жерге қойып, 41 жастағы ұлымен бірге таңғы уақытта серуендеп жүрген.

Піл шабуыл жасаған кезде ұлы көлік қалдырып кеткен жаққа қарай қашып, тығылып үлгерген, ал әкесі ол жерге 30 метр жетпей қалған.

«Ол егде жаста болғандықтан, көлігіне дейін жылдам жүгіріп бара алмай қалды. Ал баласы әкесін піл қалай өлтіргенін көрді. Бұл өте қорқынышты жағдай», - дейді Зимбабведегі Жабайы табиғат пен саябақ басқармасының төрағасы Тинаше Фараво.

Ол бұл аптада осыған ұқсас тағы бір жағдай болғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары