×
486.47
554.77
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.47
554.77
6.26

Астанада жеңіл көлік жолаушылар тұрған аялдамаға соғылды: жүргізушіге не болды

30.09.2023, 17:18
Астанада жеңіл көлік жолаушылар тұрған аялдамаға соғылды: жүргізушіге не болды
Фото: Ашық дереккөз

Астанада 29 қыркүйекте Mazda 6 жүргізушісі жолаушылар тұрған аялдамаға соқтығысты, жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу аясында сараптамалар тағайындалды.

Күдікті жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы оқиғаның салдарынан адамдар зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.