×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ақтөбеде жаңа туған нәрестесін шайханаға тастап кеткен ана табылды

01.10.2023, 10:27
Фото: Ашық дереккөз

Ақтөбе қаласында жаңа туған нәрестесін шайханаға тастап кеткен ана табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қыркүйектің 29-ы күні 102 пультіне Ақтөбедегі орталық базар маңындағы шайханадан жаңа туған нәресте табылғаны туралы хабарлама түскен. Әйел жаңа туған қызды шайхана қызметкеріне қалдырып кеткен болып шықты.

Ол досына ақша сұрап баратынын айтып, балаға бірнеше минут қарауды өтінген. Кешке дейін күткен кафе қызметкері полиция шақырған.

Рolisia.kz хабарлағандай, полицейлер 31 жастағы әйелді тауып, полиция бөліміне жеткізді. Ол Ақтөбеде жалдамалы пәтерде тұрады. Өз әрекетін спирттік ішімдік ішкен таныстарын кездестіргенімен түсіндірді.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша хаттама толтырылды. Әйел профилактикалық есепке алынған.

Серіктес жаңалықтары