×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Алматыда алты жасар спортшы қайтыс болды

01.10.2023, 10:53
Фото: Ашық дереккөз

Алматыда алты жасар атыраулық спортшы қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz atpress сайтына сілтеме жасап.

Деректерге сай, қайғылы оқиға балалар дүкенге сұранып кеткен кезде орын алған.

Басылымның мәліметінше, қайғылы оқиға 30 қыркүйек күні түс ауған уақытта оқыс оқиға салдарынан болған. Бейресми дереккөздердің мәліметінше, бір топ бала жеке спорт клубының жаттықтырушысымен бірге AIGA Grappling сияқты жекпе-жек спортының бір түрі бойынша ARLAN GRIP KUZ OPEN (AIGA) халықаралық турниріне қатысу үшін Атыраудан Алматыға келген.

"Байқоңыр" спорт клубының жаттықтырушысы жарысқа 12-14 жас аралығындағы жасөспірімдерді апарған. Бір топ бала атыраулық спортшылар тұрақтаған жерде болған. Олардың бесеуі дүкенге баруға сұранған. Салдарынан алты жасар И.Ж. оқыс оқиғаға ұшырап, салдарынан қаза тапқан. 

Оқиға туралы Алматының құқық қорғау органдарына хабарланып, тергеу амалдары жүргізілуде. Мәліметтер нақтылануда.

Серіктес жаңалықтары