×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Кеден органдарына қатысты шағымның көбеюі: Роман Скляр пікір білдірді

03.10.2023, 12:33
Коллаж: Ulysmedia.kz

ҚР Үкіметінің кулуарларында Ulysmedia.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдан автокөліктерді кедендік тазарту кезінде Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің кеден органдарының жұмысына қатысты қазақстандықтардың шағымдарына түсініктеме беруді, сондай-ақ Қазақстанда өнеркәсіпті дамытуға қатысты басқа да сұрақтарға жауап беруді сұрады.

Қазіргі уақытта кедендік мөлшерлемені қолдану және Қазақстанға әкелінетін автокөліктің құнын арттыру мәселесі бойынша шекарадағы кеденге қатысты сын айтылып жүр, бұған қатысты не айта аласыз?

- Иә, мен бұл мәселеден хабардармын. Кеден қызметі құжатпен расталған сенімді, сандық түрде анықталған ақпаратты басшылыққа алады, аталған жағдайда бұл елге әкелінетін автомобильдің сатушы елдің нарығындағы құны. Көбінесе СЭҚ-тың кейбір қатысушылары әкелінетін көліктің нарықтық құнын төмендетеді, қандай мақсатта екені түсінікті. Бұған жол беруге болмайды. Мемлекеттік бюджет тиісті салықтан қағылады. Ал кезек мәселесіне келсек, қазір барлық рәсім онлайн түрде жасалуда, МКК диспетчерлік басқармасы құрылды, кедендік рәсімдерді жасау үшін ЭЦҚ және компьютер болуы жеткілікті.

Жақсы, десе де, Қазақстанға өнеркәсіп, біз айтып отырған автоөнеркәсіп қажет пе?

- Қазақстанда өнеркәсіп қажет және бұл мәселеде шарттылық болмауы керек. Қазір көптеген хейтерлер үкіметті Қазақстанда ештеңе өндірілмейді деп айыптайды, бірақ олай емес. Олар Қазақстан қазірдің өзінде ірі өндірушілер, оның ішінде автокөлік шығарушылар қызығушылық танытатын аренаға айналғанын мойындағысы келмейді. Мысалы, ірі өндірушілерінің бірі KIA  90 млрд теңге сомасына өз инвестицияларымен ел нарығына кірді, мұндай жаңалықтар елеусіз қалады, алайда бұл ақиқат және жақын арада нәтижені көресіздер.

Утильалым мәселесі не болып жатыр?

 – Утильалым – біз ойдан шығарған нәрсе емес. Әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде жақын көршілерде де ішкі нарықты, экологияны қорғау үшін осындай протекционизм шарасы бар және ол тек автокөлікке ғана қатысты емес. Ия, азаматтардың оның тағайындалуына және кімнің қалтасына түсетініне қатысты сұрақтары болды, бірақ қазір ол мемлекеттің қолында және қалай жұмсалып жатқаны жөнінде есеп беріледі. Енді бұл қаржы бізде өндірілген қоғамдық көлік паркін жаңартуға жұмсалады. Бұл біздің 7 миллионға жуық отандастарымыз – қоғамдық көлік қызметтерін күнделікті пайдаланушылар үшін жайлы жағдай жасайды. Тағы бір шара – ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу, экологияны қорғау және тағы басқалар. Мысалы, дамушы елдерді алайық, олардың барлығы индустрияны дамыту үшін мемлекеттік протекционизмді пайдаланады, ал дамыған елдер бұл үшін ешқашан ұялмады, неге біз ұялып, ақталуымыз керек? Біз өндірісті, соның ішінде автомобильдерге арналған компоненттерді дамытуымыз керек, одақтас салаларды дамытуымыз қажет.  Бұл тақырыпта әрі қарай талқылаудың мәні жоқ.

Серіктес жаңалықтары