×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Ақмолада cу үшін жұмысшыны соққыға жыққан әкім айыппұлмен құтылды

04.10.2023, 10:32
Ақмолада cу үшін жұмысшыны соққыға жыққан әкім айыппұлмен құтылды
көрнекі фото

Ақмола облысы Астрахан аудандық сотында Острогорск ауылдық округінің бұрынғы әкіміне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР ӘҚБтК 73-1-бабының 1-бөлігінің санкциясы денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза немесе 15 тәулікке қамауға алуды көздейді.

"Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды: "К"-ның алғаш рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, оң сипаттамаға ие екенін ескере отырып, сондай-ақ жазаны ауырлататын мән-жайлар болмағандықтан 15 АЕК (51 750 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындады, – делінген сот хабарламасында.

Сонымен қатар, атап өтілгендей, сот Ақмола облысы әкімінің атына жеке қаулы шығарды, онда аймақ басшысының өзінен төмен әкімдердің қызметін бақыламағаны айтылған.

Сот Жаңа Қалқұтан ауылында  әкім  мен ЖШС жұмысшысы арасында халыққа су берілмегені үшін жанжал болғандығын анықтады.

"Жанжал кезінде "К" жұмысшының желкесінен ұрған, салдарынан ол құлап, беті жарақаттанған. "К" кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сарапшының қорытындысымен расталды", – деп мәлім етті сот.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.