АҚШ билігі 8 қарашадан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған препараттармен толық вакциналанған барлық шетелдіктерге елге кіруге рұқсат береді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
ria.ru-дың мәліметінше, АҚШ билігі коронавирусқа қарсы екпені салдыртқан барлық шетелдіктерге елге кіруге рұқсат береді.
Жаңа қаулы 8 қарашадан бастап жүзеге аспақ. Вашингтон тарихта Covid-19 эпидемиясы басталғанда енгізілген ең көлемді шектеулерді алып тастайды. 2020 жылдың қаңтарында Қытайдан Америкаға өтпек болған келушілер үшін шекара жабылып, кейін әлемнің басқа елдері де осындай тыйым салған болатын.
Аталған ереже 30-дан астам елдің саяхатшыларына қатысты, бірақ қаулыда ол қандай елдер екені көрсетілмеген.