×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Депутат Құспан Құзайыровтың ісі бойынша Бас прокуратураға сұраныс жолдады

04.10.2023, 12:36
Коллаж: ulysmedia.kz.

Депутаттың өзі бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Диас Құзайыровты танимын. Екі-үш жыл бұрын осындай тағы бір іс қозғалған. Мен сол кезде Алматыда ол жігітпен арнайы кездескенмін. Бұл жағдай да міндетті түрде назарымызда болады. Еш жарнамаламай-ақ Риддердегі оқиға бойынша депутаттық сауал ретінде Бас прокуратураға тиісті сұраныс жолдадым”, – деді Абзал Құспан Мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, қазір заң бойынша арыз түссе, қылмыстық істі бірден тіркеу деген норма жоқ. Тергеуге дейін тексеріс жүргізіледі. Заңгер Абзал Құспан мұны қазақтілді орта дұрыс түсінбей жатқанын, тергеуге дейін тексерісте қылмыс құрамы бар болса ғана қылмыстық іс қозғайтынын айтады. 

“Қазір ақпараттарға қарағанда, қылмыстық іс қозғалғандай болып отыр, бірақ бұл мемлекет оның әрекетінен қылмыстық құқықбұзушылық тапты дегенді білдірмейді. Ол енді ҚПК-ға 2014 жылы еніп кеткен өзгерістер. Көп адам осының ерекшелігін түсінбейді. Яғни Диас қылмыскер деген қорытынды емес, тексеру болады, нәтижесін күтуіміз керек. Қоғамдық маңызын ескере отырып, Бас прокуратураға тиісті сұраныс жолдадым. Жауабын мен әлеуметтік желіге бөлісетін болам”, – деді Абзал Құспан.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық белсенділер Диас Құзайыров, Әділжан Абдіғалиев пен Әділ Юсуповтың үстінен Риддер шенеуніктерінен мемлекеттік тілде сөйлеуді талап еткені үшін қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді. Әлеуметтік желіде қазақ тілі мәселесін талап етіп, мәселе көтеріп жүрген павлодарлық блогер Диас Құзайыровтың үйін полиция тінтіп, заттарын тәркілеген. Оның және екі әріптесінің үстінен Риддер әкімдігінің төрт қызметкері арыз жазған.

Белсенділер Риддер қаласындағы жалғыз қазақ мектебі "Шаңырақтың" жағдайын біліп, мәселесін көтеру үшін Риддерге барған. Олар әкімдік, мәслихат және Amanat партиясы филиалының қызметкерлерінен қазақ тілінде сөйлесуді талап еткен, алайда олар барлық жерде орыс тілінде жауап берген. Белсенділердің қазақ тілінде неге олармен сөйлеспейтіні туралы сұрақтарына шенеуніктер "мемлекеттік тілді енді ғана үйрене бастадық" деп ақталмақ болған.

Үкіметтің баспасөз орталығында белсенділердің үстінен не үшін іс қозғалғанын Ulysmedia.kz тілшісі Ішкі істер министрі Марат Қожаевтан сұраған. Ол іс бойынша филологиялық сараптама тағайындалғанын хабарлаған еді.

Серіктес жаңалықтары