×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Назарбаев уахабизмді билікті ұстап тұру үшін пайдаланды – Ермұрат Бапи

04.10.2023, 14:44
Назарбаев уахабизмді билікті ұстап тұру үшін пайдаланды – Ермұрат Бапи
Коллаж: Ulysmedia.kz

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев уахабизмді билікті ұстап тұру үшін өз мүддесіне пайдаланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжілістің жалпы отырысы кезінде Бапи Қазақстанда уахабизмді насихаттайтын жоғары лауазымды мемлекеттік қызметшілер бар екенін мәлімдеді. Ал кулуарда журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде ол Қазақстанда радикализмнің тарауына тікелей ықпал еткендердің қатарында Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де барын айтты.

“Қайрат Сатыбалды ағасының (Назарбаевтың – ред.) қолдауынсыз радикализмді тарата алмас еді. Қоғамда пікір бар, теріс діни ағымдар 2002-2004 жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтың ишарасымен, ымдауымен келген. Уахабизмде патшаға қарсы шықпа деген заң бар, бұл сол уақытта жеке дара билікті қолдаудың құралы ретінде пайдаланылды”, – дейді Ермұрат Бапи.

Депуттың сөзінше, қазақты діни негізде бөлшектеу арқылы ұлттық бірлігінен айырды.

“Қазақстандағы осыдан 15 жыл бұрын қабылданған дін туралы заңға өзгеріс енгізу қажеттілігі туып отыр. Біз, депуттар, үкіметтен еліміздің ұлттық дәстүрлері мен құндылықтарына қайшы келетін барлық діни нормаларға тыйым салатын өзгерістер мен толықтырулар әзірлеуді талап етеміз. Егер тиісті заң қабылданатын болса, онда органдар радикалды діни ағымдардың қызметін тоқтату бағытында жұмыс істей бастайды", – деді мәжілісмен.