×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

«Діни басқармада солқылдақтық көп»: депутат сынынан кейін ҚМДБ мәлімдеме жасады

04.10.2023, 19:29
ҚМДБ

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтайдың "діни басқармада солқылдақтық көп" деген сынынан кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетейік, Парламент депутаты Аманжол Әлтай бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын қоғамда діни дау шыққанда солқылдақтық танытады деп сынға алған еді. “Көп мәселеге келген кезде діни басқарма мүфтиден бастап имамдарға дейін нақты ойын айтудан тайсақтайтын тұстары бар” дейді ол.

Басқарма депутатқа берген жауабында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамдық діни бірлестік екені, десе де мүфтият қоғам алдындағы міндеттемелерін өз құзіреті аясында атқарып, халықтың рухани дамуына, еліміздің бірлігі мен игілігіне өзіндік үлесін қосып жатқанын атап өтеді. Мүфтият жыл басында бес бағыт бойынша жұмыстарға басымдық беретінін жариялағанын еске салады. Олар – дін мен дәстүр, ізгі қоғам, ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, жат діни ағымдардан сақтандыру. Әрбір бағыт бойынша, басқарма нақты қандай жұмыстар атқарылғанын жазады.

Осы бес бағыттың ішінде жат діни ағымдардан сақтандыру бағытында басқарма былай есеп береді.

“Жастарды деструктивті діни ағымдардың теріс идеологиясынан сақтандыру – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс бағыттарының бірі. Бұл – барлық мүфтиден бері жалғасып келе жатқан асыл міндет. Мүфтияттың діни оңалтуға жауапты мамандары өткен жылы қоғамдық орындар мен түзеу мекемелерінде 9928 жеке ықпал ету акцияларын (жеке кездесулер) жүзеге асырды. Жұмыс нәтижесінде жалпы 1477 адамға оң ықпал жасалды. Атап айтқанда, 773 адам қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімделді және 704 адам деструктивті діни ағым идеологиясынан бас тартты. Бүгінде мүфтият жанынан құрылған Ғұламалар, Ақсақалдар, Сарапшылар кеңесі жастарды жат діни ағымдардан сақтандыру жұмыстарына белсене араласуда”, – делінген жауапта.

 

Серіктес жаңалықтары