×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Ота жасауға тура келді: денсаулық министрі Алматы облысында зорланған балалар жайлы

05.10.2023, 15:45
фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматы облысында зорланған үш жасар қыз бен жеті жасар баланың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің айтуынша, қазір балалардың жағдайы орташа дәрежеде және олар медицина қызметкерлерінің бақылауында.

"Бұл балаларды қабылдау кезінде біздің медицина қызметкерлері ересек балалар тарапынан зорлық-зомбылық әрекеттері жасалғанын анықтады. Балалар толық тексеріліп, қабылдау бөлімінде құқық қорғау органдарына уақтылы хабарланды. Алған жарақаттарына байланысты балаларға операция жасалды. Бүгінде олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, балалар бақылауда. Сондай-ақ оларға психологиялық көмек көрсетіледі", - деді министр.

Ажар Ғиният сонымен қатар дәрігерлер балалардың ішкі ағзалары жарақаттанғанын анықтағанын атап өтті. Министр балаларды оңалтуға қанша уақыт кететіні туралы сұраққа әр баланың жеке басына байланысты мерзім әртүрлі болуы мүмкін екенін айтты.

Еске салайық,1 қазанда Алматының элиталық мектебінде бірінші сынып оқушысы зорланғаны белгілі болды. Баланың анасы бұл оқиға қыркүйек айының ортасында болғанын хабарлады. Оның айтуынша, бала сабақтан кейін үйге келгенде шалбарының шап аймағы жыртылып тұрған, киімінде ақшыл дақтар болыпты. Өткен сейсенбіде ішкі істер министрінің бірінші орынбасары бұл іс бойынша күдіктілер анықталмағанын мәлімдеді

4 қазанда Алматы облысында 40 жастағы ер адам тоғыз ай бойы екі кішкентай қызды зорлаған сұмдық оқиғаны Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева хабарлады. Оқиға Балқаш ауданында болған. Ер адам қыздардың анасы және әжесімен бірге тұрған. Құқық қорғау органдарында айтылғандай, күдікті балаларды қаңтар айында зорлай бастаған. Анасы мен әжесі бұл жайлы білген, бірақ ешкімге айтпаған. Қазір ер адамның үстінен ҚР ҚК 120-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары