×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Баға беру қиын»: Министр Нұрбек журналистің микрофонына жармасқан ректордың әрекеті жайлы

06.10.2023, 13:22
«Баға беру қиын»: Министр Нұрбек журналистің микрофонына жармасқан ректордың әрекеті жайлы
Коллаж: ulysmedia.kz.

Журналистің микрофонына жармасқан ҚазҰУ ректоры Жақсылық Түймебаевтың әрекеті этикаға сай келе ме? Бұл сұрақ Сенат кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетейік, кеше университет ректоры Жансейіт Түймебаев Азаттық тілшісінің сұрағына ызасы келіп, микрофонына жармасқаны қызу талқыланған. «Ректордың осы әрекеті этикаға сай ма?» деген сұраққа Саясат Нұрбек былай дейді:

«Қазіргі таңда бізде жоғары білім саласында этикалық сұрақтар, академиялқ шынайылық сұрақтары өте қатаң бақылауда. Арнайы үлкен лигамыз құралды. Ол - академиялық тазалық лигасы. Одан кейін әр жоғары оқу орнының негізінде қазір арнайы ғылыми-академиялық этикалық комитеттер де болады. Сондықтан, маған баға беру қиын. Бұл - ректордың өзінің жеке жауапкершілігі. Жалпы бұл шара университеттің өздері жоспарлаған шара болатын».