×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Жемқорлыққа жол ашқан жоба: Балаева "Рухани жаңғырудың" пайдасыз болғанын мойындай ма

06.10.2023, 17:39
Sputnik

Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "Рухани жаңғыру" бағдарламасын тиімсіз болды деп айтуға болмайтынын, ал бағдарламаға бөлінген қаражатты ұрлағандар жазаланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында тілшілер Балаевадан "Рухани жаңғыру" бағдарламасының тиімділігін қалай бағалайсыз және қазір бағдарламаның пайдасыз болғанын және жекелеген шенеуніктерге мемлекеттік ақшаны ұрлауға мүмкіндік бергенін мойындай аласыз ба?” деп сұрады.

"Шынымен де бір жерде бұзушылықтар болған шығар деп ойлаймын, бірақ бағдарлама тиімсіз болды деп айта алмаймын. Егер нақты сұрақтар болса, олармен арнайы органдар айналысқанын білемін. Кінәлілер жазаланған болуы керек. Алайда ақшаның бәрі ұрланды дей алмаймын", - деді министр.

Ол сондай-ақ "Рухани жаңғыру" бағдарламасының арқасында археология, тарих, өлкетану салаларының дамуына тың серпін берілгенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасы 2021 жылы Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болған кезде бекітілген болатын.

Бірінші тамызда сол кездегі ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі үкімет  "Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасын тиімсіздігіне байланысты тоқтату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары