×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Тоқаев, Мирзиеев және Путин үштігі газ тасымалын бастамақ

07.10.2023, 11:51

Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Ресейден Өзбекстанға газ тасымалдауды ресми түрде бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ертең Шавкат Мирзиеевпен және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге біз «Газпромның» Өзбекстанға ресейлік газын жеткізудің салтанатты рәсіміне қатысамыз. Бұл Ресейден шыққан газдың Орталық Азияға көлік жүйелері арқылы тарихта алғаш рет жөнелтілуі», – деді Владимир Путин.

Ол сондай-ақ мұндай жеткізілімдерге жағдай жасау Өзбекстан, Ресей және Қазақстанның бірлескен күш-жігерін қажет ететінін атап өтті. Газ Өзбекстанға Қазақстан арқылы транзитпен жеткізілсе, газдың бір бөлігі Қазақстанға да беріледі. Бұл маңызды жоба Өзбекстанның, Қазақстанның және бүкіл Орталық Азия аймағының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Путиннің айтуынша, энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері 6 қазанда өткен Ресей-Өзбекстан келіссөздерінің негізгі аспектілерінің бірі болды.

Серіктес жаңалықтары