×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Кинотеатрларда аншлаг: “Міржақып: Оян, Қазақ” фильмінің билеттері толық сатылып кетті

07.10.2023, 17:02
Фото: Ашық дереккөз

“Міржақып: Оян, Қазақ” фильмінің көрсетілімі қоғамның сұранысынан соң тағы бір аптаға созылған болатын. Ал кинотеатрларда аншлаг - қазірдің өзінде билеттер толық сатылып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фильмге қатысты кеше шыққан шу отандық туындыға халықтың қызығушылығын оятқан сияқты. Кинотеатрларда фильм толық аншлагпен көрсетіліп жатыр.

Бүгін тарихи кино Астана қаласындағы “Азия парк”, “Керуен”, “Керуен-сити”, “Сарыарқа” ойын-сауық орталықтарында орналасқан кинотеатрлардан көпшілікке ұсынылғаг. 

“Қуанышты жаңалық! Қалың көрерменнің қалауы болып, “Оян, қазақтың” кинотеатрлардағы көрсетілімі тағы бір аптаға ұзартылды! Енді талабымызға қадамымыз сай боп, келесі аптаны да аншлаг жасайық! Кинотеатрлар да сұранысты көрді ғой, мүмкін сеанстар санын бұдан да ұлғайтар! Мемлекеттің жұмсаған қаржысы ақталған (фильм 100 пайыз мембюджетке түсірілген) алғашқы тарихи жоба болса деген тілек бар”, – деп жазған болатын фильмнің режиссері Мұрат Есжан желідегі парақшасына.

Серіктес жаңалықтары