×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Басына оқ тиген: Ұлттық ұлан сарбазы мерт болды

09.10.2023, 13:53
көрнекі фото

9 қарашада ҚР Ұлттық ұланы 6636 әскери бөлімінің сарбазы мерт болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“2023 жылы 9 қазанда сағат 01.20 шамасында Теміртау қаласынан шақырылған 6636 әскери бөлімінің сарбазы кезекші бөлімшенің құрамындағы қызметі кезінде штаттық қарудан өз басына оқ атып, көз жұмды”, – делінген ресми хабарламада.

Оқиғаның себептері анықталуда. Қызметтік тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланды.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ұлттық ұлан офицерлері Жамбыл облысында «Айша бибі» полигонындағы оқу-жаттығу кезінде жарақат алған. Қауіпсіздікті бұзу салдарынан үш офицердің аяғы жараланды. Әскери қызметшілер Тараз қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілгені хабарланды.

 

Серіктес жаңалықтары